18 шіл, 2022 сағат 22:54

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: Ерасыл Омаров қола медаль алды


Қазақстандық Ерасыл Омаров ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған турнирде 55 келіде сынға түскен Ерасыл Омаров үш мүмкіндігін толық пайдаланды. Нәтижесінде 104 келіні бағындырды. 

Ал жұлқуда үш мүмкіндіктің біреуін сәтті пайдаланып, 124 келі зілтемірді төбесіне көтерді. 

Қоссайыстың қорытындысымен 228 келі салмақты еншісіне жазған ол үздік үштікті түйіндеді. 

Айта кетсек, құрлықтық дода Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатыр. Онда 13-17, 15-20 жас аралығында жүлделер сарапқа салынады. 

Сондықтан кейбір спортшылар екеуінде де сынға түседі. 

Құрлықтық додаға ұлдардан 13, қыздардан 9 ауыр атлет барды.

Азия чемпионаты 25 шілдеде мәресіне жетеді.