08 ақп, 2020 сағат 00:23

Австралия штаттарының бірінде жаңбыр өрттің үштен бірін сөндірген

Австралия халқы жаңбырдың жауғанын күтіп жүр. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында жаңбыр өрттің үштен бірін сөндірген. Бұл өрт сөндірушілерге көп көмек болды, деп жазады "Ұлт ақпарат" CNN-ге сілтеме жасап.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының өрт сөндіру қызметінің айтуынша, ауа райының арқасында бір күнде белсенді өрт үштен бірге азайған.

«Біз бақыттан басымыз айналып, қатты қуандық. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының көп бөлігінде жаңбыр жауыр жатыр. Біз жаңбырдың ұзақ жаууын тілеп отырмыз» деп жазады шенеуніктер.

Олардың айтуынша, алдағы бірнеше күнде жаңбыр толассыз жаууы мүмкін.

Айта кету керек, Австралияда өрттен 20 адам қаза тауып, шілдеден бері миллиондаған акр жер өртеніп кетті. Сидней университеті экологтарының айтуынша, Австралияда өрттен 1 миллиардтан астам жануар өлген.