
Алматыда «Дос-Мұқасан» тобының мүшесі, әнші Қамит Санбаев дүниеден озды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы топтың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.
«Ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі, әнші, адал дос Камит Санбаев өмірден өетті. Бұл - біз үшін орны толмас қаза. Оның орны ойсырап тұратыны рас. Артына өшпес із қалдырды. Иманды болсын!», - делінген парақшада.
Сонымен қатар әншінің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова көңіл айтты.
«Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан қазақ мəдениетінің, əн өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан дарынды əнші Қамит Санбаевтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Қамит ағамыз саналы ғұмырында халқымыздың ыстық ықыласына бөленген, мақтанышына айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалауға, көптеген жетістіктерге жетуіне атсалысты. Есімі ұжым атауында алтын əріптермен жазылып қалады. Ағамыздың ерен еңбегі мен өнерге деген құштарлығы жас өнерпаздар үшін үлгі. Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын!»,- деп жазылған көңіл айту хатында.

