17 қаз, 2022 сағат 07:55

Айзада Мүптілда - ауыр атлетикадан Азия чемпионы


Қазақстандық ауыратлет Айзада Мүптілда Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Отандасымыз Бахрейн астанасы - Манама қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада әйелдер арасында 87 келі салмақта сынға түсті. Қос сайыстың қорытындысы бойынша ол 277 келіні (жұлқуда - 120, серпуде - 157 келі) бағындырып, Азия чемпионы атанды.

Бұл салмақта қола медаль тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчукке бұйырды.

Еске салайық, бұдан бұрын ел құрамасынан Зүлфия Чиншанло мен Асылжан Бектай чемпион атанған болатын.