
Әзербайжан үкіметі коронавирусқа байланысты республика аумағындағы ерекше карантин режимін 4 мамырға дейін ұзарту шешімін қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Осыған байланысты ел үкіметінің 2 сәуірдегі қаулысында аталып өтілген барлық шаралар 4 мамырға дейін созылады. Атап айтқанда, жүк тасымалын қоспағанда Әзербайжан аумағына барлық көлік түрлері үшін кіруге және шығуға шектеу қойылып, барлық білім беру мекемелерінде оқу процесі тоқтатылды.
Келесі аптадан бастап тұрғындарға ұзартылған карантин режимінен кезең-кезеңімен шығу жоспары ұсынылады.
