02 мам, 2020 сағат 01:00

Әзербайжанда карантин режимі мамыр айының соңына дейін сақталады

Әзербайжан Үкіметінің қасындағы жедел штабтың мәліметінше, елде карантиндік режим мамыр айының 31-іне дейін сақталады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сондай-ақ, жаңадан ауру анықталғандар мен жазылғандардың санын ескере отырып Баку, Сумгайыт, Гянджа, Лянкяран, Абшерон ауданы және тағы бірқатар өңірлерде кейбір шектеулерді кезең-кезеңімен жұмсарту жөнінде шешім қабылданды. Аталған жерлерде 4 мамырдан бастап мемлекеттік мекемелердің, сауда нысандарының, шаштараздардың, сән салондарының жұмысы жанданады.

Карантин кезінде елде қоғамдық орындарда, парктерде, қоғамдық тамақтану орындарында 10 адамнан көп шоғырлануға болмайды. Республикадағы барлық білім беру мекемелерінде жұмыстың тоқтауы 31 мамырға дейін созылады.