12 нау, 2020 сағат 18:57

Әзербайжанда карантинде жатқан әйел көз жұмды

1969 жылы туған Әзербайжан азаматшасы Ираннан ем қабылдап, елге келгеннен кейін ауырып, ауруханаға барған, деп хабарлайды Trend агенттігі.

«Тексеру барысында одан ауыр сатыдағы аутоиммундық ауру, атап айтсақ, қызыл жегі, соңғы сатыдағы ауыр созылмалы бүйрек ауруы анықталған», деп хабарлады министрлер кабинеті жанындағы Жедел штаб. 

Сонымен қатар, науқас коронавирус жұқтырған.

«Ерекше режімдегі ауруханаға жатқызылған пациенттің денсаулық жағдайы орташа деп бағаланды, оны емдеу үшін тиісті шаралар қабылданды. 

Барлық емдеу шараларына қарамастан ауыр аутоимундық ауруының асқынуына байланысты оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», делінген хабарламад.