
16-23 ақпан аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатында грек-рим күресінен ел намысын қорғайтын балуандар белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, құраманың бас бапкері Бақтияр Байсейітов әзірге сенім артқан сегіз балуанның есімдерін атаған.
Нақтырақ атап өтсек, «Сарықұрлық» біріншілігінде 55 келі салмақта Хорлан Жақанша, 60 келі салмақта Айдос Сұлтанғали, 63 келіде Ернұр Фидахметов ел анмысын қорғаса, 67 келіде Әділхан Сатаев, 72 келі салмақта Ибрагим Магамадов сынға түседі. Ал 77 келіде Темірлан Шадукаев, 82 келі салмақта Евгений Поливадов бақ сынаса, 87 келі салмақта Азамат Күстібаевқа үміт артылған.
Ал 97 және 130 келіде Азия чемпионатына баратын екі балуанның есімі жақын арада белгілі болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әйелдер күресінен Азия чемпионатына кімдердің баратыны туралы хабарлаған болатынбыз.
