Алматы тұрғыны өзінің баласы балабақшада зорлық көргенін айтты. Әкесінің айтуынша, баланы ұрып, тұншықтырған, деп хабарлайды Ult.kz.
Jagdai телеграм арнасының жазуынша бұл жағдайға балабақша тәрбиешісі мен мекеме менеджерінің қатысы бар.
Тәрбиешіге 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал менеджерге қатысты тергеу шамамен бір жыл бойы жалғасып келеді. Баланың әкесі істің созылып кеткенін айтып, қызметкердің әлі де бостандықта екенін және зардап шеккен баланың жағдайына мән бермейтінін мәлімдеді.
Ер адам видео жариялап, қоғам мен билікке әділ тергеу жүргізу және жеке қабылдау ұйымдастыру туралы өтініш білдірді.
