21 қаз, 2020 сағат 09:35

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 3 орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Рустам Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне; 

Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне;

Болат Қуанышбекұлы Сәмбетов Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.