23 мам, 2024 сағат 12:05

Батыр Жүкембаев 19 нокауты бар украиналық боксшыны нокаутпен ұтты


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) шаршы алаңдағы жиырма үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) 19 нокауты бар украиналық Иван Редкачқа қарсы жекпе-жек өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жетті. Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын алғашқы раундтан бастап, қарсыласына шабуыл жасап, қарқынын үдетті. Нәтижесінде ауыр соққылар өткізген Редкачқа төреші жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндік бермей, уақытынан бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасқан Жүкембаев өзіне тиеслі WBA Continental North Americas белбеуін сақтап қалды.

АЙта кетейік, Жүкембаев үшін бұл кәсіпқой мансабындағы жиырма үшінші жеңіс және WBA Continental North Americas белбеуін екінші рет сәтті қорғауы.