Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Беларусь Республикасындағы президент сайлауына қатысатын қазақстандық бақылаушылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
Сайлау барысын бақылау үшін Қазақстаннан жеті өкіл жіберіледі.
Бақылаушылар тізімі:
1. Аманәлі Әсем Нұржанқызы
2. Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы
3. Бабашев Марлен Ерболұлы
4. Жүсіпов Нұрлыбек Мейірханұлы
5. Қабиева Дәмегүл Нәбиқызы
6. Иргалиева Әйгерім Амангелдіқызы
7. Шаканов Самат Қазбекұлы
Айта кетейік, Беларусь президентінің сайлауы 26 қаңтар, жексенбі күні өтеді. Сайлауға бес кандидат қатысады:
Либерал-демократтар партиясының жетекшісі Олег Гайдукевич
Өзін-өзі ұсынған үміткер Анна Канопацкая
Еңбек және әділдік республикалық партиясының көшбасшысы Александр Хижняк
Қазіргі президент Александр Лукашенко
Коммунистік партияның төрағасы Сергей Сыранков.
