16 сәу, 2020 сағат 20:40

Беларусьте коронавирус инфекциясын жұқтырған 476 адам анықталды

Беларусьте коронавирус инфекциясын жұқтырған 476 адам анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны елде 4 204 адамды құрап отыр. 

Бұған қоса, жақында тағы 4 адам көз жұмды. Коронавирустың кесірінен қайтыс болғандардың жалпы саны — 40. 

Бүгінде 203 науқас емделіп шыққан. 

Инфекцияның ағзада бар-жоғын анықтау үшін 81 246 тест жасалған