24 там, 2020 сағат 11:50

Берік Нәжімиденов Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Берік Нәжімиденов 1979 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы — экономист-менеджер, заңгер. 

Еңбек жолын 2000 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытында оператор болып бастаған. 

2002-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасында түрлі лауазымдарды атқарған. 2012-2014 жылдары Астана қаласы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінде жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары Қарағанды қ. ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және ішкі мемлекеттік аудит комитетінде жұмыс істеді. 

2016 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қ. ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.