18 сәу, 2023 сағат 10:57

Бибісара Асаубаева ФИДЕ-нің рейтингісі ең жоғары шахматшысын жеңді

© Photo: Комитет по делам спорта и физкультуры/аккаунт в соцсетях

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлем мен Қазақстан әйелдер құрамалары арасындағы алғашқы кездесуде шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Instagram-дағы alga.peterburg парақшасына сілтеме жасап.

«Әзірге ойындағы есепте әлемнің жұлдызды командасы алда келеді, бірақ біздің Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңілгенін мойындауға мәжбүр етті. Бибісара ФИДЕ рейтингі ең жоғары әйел шахматшыны жеңді! Бұл - нағыз сенсация! Бибісара 2021 жылы блицтен шахмат тарихындағы ең жас әлем чемпионы болды, соның арқасында ол Гиннестің рекордтар кітабына енді, ал 2022 жылы блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды! Бүгінде Бибісара бізді керемет жаңалықпен қуантуда, бұл шынымен де тамаша жеңіс!» - делінген ақпаратта.

Еске салайық, Бибісара Асаубаева Нью-Делиде өткен ФИДЕ Гран-при турнирінде екінші орын алған болатын.