22 сәу, 2020 сағат 13:45

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

23-24 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын, күндіз бұршақ жауады. Жел батыстан соғады, күші - кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында 3 градус үсік күтіледі. 

24 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде жауын- шашын жауады, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20, 23 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді. 

23 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, тұман түседі. Оңтүстік- батыстан соққан желдің қарқыны - түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз - 15-20, жалпы екпіні - 23-28 м/с дейін күшейеді. 

Ертең Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, жел жылдамдығы - 15-20 м/с. 

23 сәуір күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл соғады . Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші - кей жерлерде 15-20, күндіз - 25 м/с жетеді. 

Павлодар қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады. 

23 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жауады. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, 23 м/с дейін күшейеді. 

23 сәуір Нұр-Сұлтан қаласында найғазай жарқылдап, дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-18 метрге жететін күшті жел соғады.