24 сәу, 2020 сағат 10:02

Биыл Астана күні қалай тойланады?

COVID-19 пандемиясына байланысты елімізде биыл Астана күні қалай тойлануы мүмкін? Бұл сұраққа Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әлбетте бұған дейін астанамыздың мерекесі аясында көптеген концертті жоспарлаған едік. Ендігі кезекте елдегі карантинге байланысты жағдай қалай болады – соған қарай жоспар жасаймыз. Әйтсе де қала тұрғындары мен меймандарын офлайн жобалармен қуантамыз деген ойдамын. Әлбетте онлайн-режимдегі жобалар да көп болады. Астанамыздың мерекесіне орай мәдени шараларды лайықты деңгейде даярлайтынымызды айтқым келеді», - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.