27 там, 2025 сағат 12:24

Биыл Президент Жолдауы сәл кешігіп өтеді


Фото: Ақорда

Биыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауы сәл кешігіп өтеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Әдетте Мемлекет басшысы Жолдауын 1-2 қыркүйекте жасайтын, бұл жолы стратегиялық құжат тек 8 қыркүйекте жарияланады.

Бұл туралы Президент кеңесшісі, әрі Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды", деп хабарлайды Руслан Желдібай.