17 мам, 2022 сағат 11:04

Боб Арум қазақстандық бокстың келесі супержұлдызы кім екенін айтты

©reviewjournal.com

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) алдағы жекпе-жегін жариялап, оны қазақстандық бокстың келесі супержұлдызы деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін жекпе-жекте ұлыбританиялық Дэнни Дигнуммен WBO нұсқасы бойынша "уақытша" әлем чемпионы атағына таласады.

"Сенбі күні Resorts World Las Vegas стадионында қазақстандық келесі супержұлдыз Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін Дэнни Дигнуммен кездеседі. Бұл ESPN және ESPN+ арналарының тікелей эфирінде көрсетіледі", - деді Арум Twitter-де.

Айта кетейік, титулдық жекпе-жек 22 мамырда "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.