Фото: olympik.kz
World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
Күнтізбе бойынша, бокстан 2025 жылғы Әлем кубогының екінші кезеңі Қазақстанда 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.
Бокстан Әлем кубогы – ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы. 2025 жылы үш кезең өткізіліп, қараша айында финалдық бәсекелер орын алмақ.
Сонымен қатар, 2025 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияда өтетіні белгілі болды.