12 қар, 2022 сағат 17:35

Бокстан АЧ: Теміржанов күміс медальға ие болды


Қазақстандық Cерік Теміржанов Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Құрлықтық додада 57 келіде сынға түскен Теміржанов финалда өзбекстандық Абдумалик Халоковке есе жіберді.


Айта кетейік, бұдан бұрын ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) жапониялық Аратаке Кадзумадан басым түсіп, Азия чемпионы атанған еді.

Ал Сәкен Бибосынов (51 келі) өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан жеңіліп, күміс медальді қанағат тұтты.