03 нау, 2020 сағат 09:55

Бразилияда кеме аударылып, 18 адам қаза тапты

Бразилияның солтүстігінде Рио-Яри өзенінде кеме аударылып, салдарынан 18 адам қаза тапты, оның ішінде үшеуі 7-11 жас аралығындағы балалар. Бұл туралы 3 наурызда AFP хабарлады.

Оқиға кезінде 46 адам құтқарылды, тағы 30 жолаушы із-түзсіз жоғалушылар тізімінде. Іздеу жұмыстарына тікұшақтар, ұшақтар мен құтқарушылар тартылды.

«Анна Каролина III» екіқабатты өзен кемесі 28 ақпанда Порто-ду-Грегодан Пара штатындағы Сантарен портына бара жатқан. Келесі күні аударылған.

Бразилия бас прокуратурасы апаттың себебін анықтау үшін комиссия құрылғанын мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, паром иесінің жолаушылар мен жүк тасымалдауға рұқсаты болмаған.