10 ақп, 2020 сағат 08:42

Брэд Питт Оскар сыйлығын алды

Америкалық актер Брэд Питт Оскар сыйлығының 92-ші марапаттау салтанатында «Однажды в Голливуде» фильміндегі рөлі үшін «Екінші пландағы үздік актер» сыйлығын алды, деп хабарлайды The Guardian сайты.

Брэд Питт режиссер Квентин Тарантино түсірген «Бір күні Голливудта» фильмінде Леонардо Ди Каприомен бірге каскадер рөлін сомдайды.

Актердың номинация үшін бәсекелестері Аль Пачино мен Джо Сэндс («Ирландық»), Том Хэнкс («Көршілес болған тамаша күн»), Энтони Хопкинс («Екі әке») болды.

56 жастағы актер Тарантиноға құрмет көрсете отырып, бұл марапатын балаларға арнайтынын айтты. Ол сондай-ақ өз ата-анасына, каскадерлерге және фильмдегі әріптесі Ди Каприоға алғысын білдірді.

Питт өз рөлі үшін бірнеше сыйлыққа ие болған, оның ішінде Бафтастағы екінші пландағы үздік актер, Алтын Глобус және актерлер гильдиясын да алған болатын. Бұл – ол оның актерлік шеберлігі үшін ие болған алғашқы Оскары.