25 сәу, 2024 сағат 19:43

Бұл сессияның маңызы зор, міндеті айқын — Дәурен Кәрібек


AMANAT партиясының мүшесі Дәулет Кәрібек Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты мемлекет басшысының қатысуымен өткен ХХХІІІ сессиясы отырысына қатысты пікір білдірді.

Айтуынша, бұл сессияның маңызы зор, міндеті айқын. Сөзбе-сөз:

Жиын барысында алапат тасқын салдарын жою жұмыстары мен барлық салада түбегейлі өзгеріс жасау шаралары пысықталды. 

Сонымен қатар, Президент қоғамдық органның бүгінге дейін атқарған жүйелі жұмысын атап өтіп, одан ары дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Бұл ретте: 

  • Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру;
  • Қазіргі аумалы-төкпелі заманда халқымызды ортақ мақсат пен бір ниетке ұйыстырудағы Ассамблеяның рөлін арттыру;
  • Ассамблеяның институционалдық әлеуетін арттыру, оның мемлекеттік органдармен, Парламентпен және мәслихаттармен қарым-қатынасын нығайту  сынды тақырыптар талқыланды. 
«Бәріміз – бір елдің азаматымыз. Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз. Біздің мақсатымыз – айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру» – деп атап өтті ел Президенті. 

Шын мәнінде, елімізде атқарылып жатқан жүйелі реформалар мен ауқымды шаралар өзара сабақтасып, бірін бірі жетілдіріп отырады. Демек біздің мақсатымыз бір, құндылығымыз ортақ. «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» сынды үш ұғым жалпыұлттық бағдарымызға айналса – еліміздің кедергісіз өркендейтіні анық. 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!