Фото: ШҚО ТЖД
Өскемен қаласында тұрғын үйде шыққан өрттен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Ведомство мәліметінше, өрт Черняховский көшесіндегі жеке тұрғын үйден шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар үйдің бір бөлмесінен 1970 жылы туған ер адамның мәйітін тапқан. Көп ұзамай тілсіз жау толықтай сөндірілді.
Өрттің жалпы аумағы 44 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта оттың шығу себебі анықталып жатыр.
Құтқарушылар өңір тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
