Фото: ашық дереккөз
Футболдан жаңартылған форматта өткен ФИФА Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында Лондонның «Челси» клубы Францияның «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, тарихта тұңғыш рет осы форматтағы чемпион атанды, деп хабарлайды Ult.kz.
Англиялық команданы Энцо Мареска баптаса, матчтың басты батыры — Коул Палмер. Ол дубль жасап, екі гол соқты. Тағы бір голды Жоао Педро өз еншісіне жазды.
Ойынның 86-минутында ПСЖ ойыншысы Жоау Невеш Марк Кукурельяға қарсы жасаған қатты фолдан кейін тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
