14 шіл, 2021 сағат 22:10

ЧЛ: "Қайрат" "Маккабиді" жеңіп, іріктеудің екінші раундына шықты


Алматылық "Қайрат" израильдік "Маккабиді" жеңіп, Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Командалардың қарымта кездесуі Алматыдағы орталық стадионда өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Матчта есепті алаң иелері ашты. 10-минутта Вагнер Лав "Қайратты" алға шығарды. Осыдан кейін бразилиялықтың тағы екі мүмкіндігі болған, бірақ қонақтардың қақпашысы екі рет соққыны қайтара білді.

Нәтижесінде үзіліске алматылықтар бір гол басымдығымен кетті.

Екінші таймның басында "Қайрат" есеп арттыруға тамаша мүмкіндік алды - Хосе Канте "Маккаби" қақпашысының қателігін байқап қалды, бірақ мүмкіндікті пайдалана алмады.

Ал 58-минутта "Қайрат" қақпасына бірнеше соққы жасалды. Маккаби ойыншылары қақпаға дәл соққы жасаған, бірақ Стас Покатилов командасын құтқарды. 

64-минутта Покатилов айып алаңынан қауіпті соққыны қайтара отырып, тағы бір мәрте шеберлігін көрсетті - "Маккаби" шабуылшысы Тиаронн Чери айып алаңынан баспен соққы жасаған, алайда "Қайраттың" қақпашысы допты бұрышқа бұрып жіберді.


© Vesti.kz

Бір минуттан кейін "Қайрат" басымдығын еселеді. Алматылықтар қарсы шабуыл ұйымдастырды, соның нәтижесінде Айбол Әбікен жақын бұрышқа соққы жасады.

Футболшылар арасындағы матчтің соңында алаң сыртында жаппай төбелес болды, нәтижесінде төреші "Қайрат" пен "Маккаби" ойыншыларына қызыл қағаз көрсетті.

Еске салайық, Хайфадағы алғашқы ойын тең есеппен, 1:1 есебімен аяқталды. Осылайша, "Қайрат" екі матчте 3:1 есебімен жеңіп, алға шықты.

Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алматылық клубтың қарсыласы сербиялық "Црвена Звезда" болады.