17 сәу, 2020 сағат 17:30

COVID-19: Тағы 5 млн америкалық жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтініш берген

Экономикалық жаңалықтар көрсетіп отырғандай, Америка экономикасы соңғы онжылдықтағы ең қиын дағдарысқа кіріп келеді.

АҚШ-та тағы өткен аптада 5 млн азамат жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтініш берген. Соның салдарынан Covid-19 байланысты карантин режимі енгізілген сәттен бастап жұмыстан босатылғандар саны 22 млн-нан асып отыр, деп хабарлайды The Guardian.

Сарапшылар Америкадағы жұмыссыздық деңгейі 15%-ға өскен деп болжап отыр және бұл көрсеткіш алдағы апталарда өсуі мүмкін. 

Өткен айда елде баспана құрылысы бірден 22%-ға қысқарған. 

Morgan Stanley мен BlackRock соңғы тоқсанда табыстың бірден төмендегенін жариялады, себебі акциялар құны арзандап, мәміле саны қысқарған. 

Ұлыбританияда Англия банкінің сарапшылары ел экономикасының Covid-19 пандемиясы салдарынан «өте қатты» зардап шегетінін ескертті. 

Экономистер қатаң оқшаулану режимі тағы бірнеше айға созылса, Ұлыбританияда да жұмыссыздық деңгейі 15%-ға жететінін болжап отыр. 

Елде өткен айда тұрмыстық қажетті тауарлар бағасы 4,4%-ға өскен.