25 сәу, 2019 сағат 16:09

Дания Еспаева Орталық сайлау комиссиясына құжатын тапсырды

Бүгін Қазақстан Президенттігіне үміткер Дания Еспаева ҚР Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Ақ жол Қазақстан демократиялық партиясының» қоғамдық бірлестігі ҚР Президенттігіне кандидат ретінде Дания Мәдиқызы Еспаеваның құжаттарын ұсынды.

Құжаттардың ішінде «Ақ жол Қазақстан демократиялық партиясының» қоғамдық бірлестігі жоғары органының ҚР Президенттігіне кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді, Дания Еспаеваның кандидат болуға келiсiмі, өмірбаяны, ҚР ОСК шотына сайлау жарнасын аударғанынын куәландыратын құжат, жеке куәлігі, ЖОО дипломдарының көшірмесі, мемқызметте тәжірибесінің толық екенін растайтын құжаттар бар.

Үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 26 сәуірге белгіленді.