
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 100% төлем жасады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі кедергілердің алдын алу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ «СҚ-Фармация» бірлесіп жасалған келісімшарт сомасының 100% алдын ала төледі. Бұл бірыңғай дистрибьюторға жыл соңына дейін жеткізілетін препараттар үшін жеткізушілер мен өндіруші зауыттарға алдын ала төлем жасауға мүмкіндік берді. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту үшін қажетті шаралар қолданылуда», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі қосымша бес дәрі-дәрмек түрін енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл дәрілер де алдыңғы қатарда жүрген дәрігерлердің тағайындауымен қолжетімді болмақ.
«Денсаулық сақтау министрлігі бұйрыққа өзгерістер енгізгеннен кейін, біздің қор өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының өтінімдері негізінде оларды үздіксіз сатып алу үшін қаржыландыруды қамтамасыз етеді», - дейді қор басшысы.
