Фото: Zakon.kz
Дастан Сәтпаев — Чемпиондар лигасының тарихындағы ең жас гол соққан үш ойыншының бірі болды, деп хабарлайды Ult.kz.
«Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев футбол тарихына есімін жазды. 17 жас 106 күнінде соққан голы оны Чемпиондар лигасында гол салған ең жас футболшылар тізімінің алғашқы үштігіне шығарды. Еуропаның ең беделді клубтық турнирінде бұған дейін тек екі футболшы ғана Сәтпаевтан жастау кезінде көзге түскен.
Чемпиондар лигасының ең жас гол соққан ойыншылары:
1. 17 жас 40 күн — Ансу Фати
(Интер 1-2 Барселона, 10/12/19)
2. 17 жас 68 күн — Ламин Ямаль
(Монако 2-1 Барселона, 19/09/24)
3. 17 жас 106 күн — Дастан Сәтпаев
(Копенгаген 3-2 Қайрат, 26/11/25)
4. 17 жас 113 күн — Виктор Дадасон
(Копенгаген 2-4 Дортмунд, 21/10/25)
5. 17 жас 119 күн — Джордж Иленикена
(Антверпен 3-2 Барселона, 13/12/23)
6. 17 жас 149 күн — Антонио Нуса
(Порту 0-4 Брюгге, 13/09/22)
