04 қаң, 2026 сағат 14:00

Дастан Сатпаев еуропалық командаларға қарсы ойындарға қатыспайтын болды


Фото: ҚФК


"Қайрат" футбол клубы Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатысатын ойыншылар тізімін жария етті. "Қайрат" ФК баспасөз қызметінің мәліметінше, Дастан Сәтпаев, Олжас Байбек пен Азамат Тұяқбаев ем қабылдап, оңалту кезеңінен өтіп жүр. 


2 қаңтарда команда үш апталық демалыстан кейін базаға жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өтті.


4 қаңтар күні таңертең ерте "Қайрат" Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды. Олар 15 қаңтарға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиынның негізгі мақсаты – оңтайлы физикалық формаға келу және ресми матчтарға дайындық.


Сонымен Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатысатын ойыншылар тізімі мынадай:


Қақпашылар: 

— Темірлан Анарбеков;

— Шерхан Қалмұрза;

— Данила Буч.


Қорғаушылар:

— Луиш Мата;

— Александр Мартынович;

— Егор Сорокин;

— Еркін Тапалов;

— Александр Мрынский;

— Александр Широбоков;

— Лев Кургин;

— Сұлтан Асқаров;

— Әмірбек Базарбаев.


Жартылай қорғаушылар:

— Дан Глейзер;

— Валерий Громыко;

— Дамир Қасабулат;

— Әділет Садыбеков;

— Яакко Оксанен;

— Юг Станоев;

— Мұхамедәли Әбіш;

— Исмаил Бекболат.


Шабуылшылар:

— Жоржиньо;

— Эдмилсон;

— Рикардиньо;

— Рамазан Бағдат;

— Мансур Биркурманов.