05 жел, 2022 сағат 13:57

"Апелляцияға береміз" - Абаев сурдлимпиадашымен сот туралы


Жарыстардағы жеңіс үшін ақшалай ынталандыру төлемі - заңнамамен және арнаулы регламентпен реттелетін стандартты процедура. Ал Еркебұлан Қанафинді ақшалай ынталандыру осы ережеге қарама-қайшы келеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол - дзюдодан ұлттық сурдлимпиада құрамасының мүшесі емес. Ол құрамамен оқу-жаттығу жиынынан да, жан-жақты медициналық тексеруден де, Ұлттық антидопинг орталығындағы допинг бақылауынан да өткен жоқ», - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Оның атап өтуінше, Ұлттық сурдлимпиада комитеті спортшыны жарысқа барлық ережеден айналып өтіп және өкілетті органның келісімінсіз апарған.

Бұған дейін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен 2022 жылғы Сурдлимпиада чемпионы Еркебұлан Қанафин арасындағы дауға қатысты шешім шығарғанын хабарлаған едік. Ол шешімге сәйкес, министрлік 2020 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мөлшердегі ақшалай ынталандыру төлемін Еркебұлан Қанафинге төлеуге міндетті.