
Бүгін Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста қайтыс болған Глеб Щегельскийді бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
17 қазан күні Мәжілістің V және VI шақырылым депутаты Глеб Щегельский жүрек талмасынан мезгілсіз қайтыс болды.
«Глеб Анатольевич Мәжілістің Экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитетін басқара отырып, өзінің күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін еліміз бен халқымызды игілігіне бағыттаған еді. Ол осы жылдары Үкіметпен де белсенді жұмыс істеді. Осы орайда жаңа Экологиялық кодекстің жобасы бойынша елеулі қызмет етті», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Жалпы отырыстың басында депутаттар Глеб Щегельскийді бір минут үнсіздікпен еске алды.
