28 жел, 2022 сағат 11:10

«Дикий Арманға» қатысты қылмыстық істі жария етуге болмайды – Бас прокуратура

Коллаж: qazweek.kz

Қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық істі жария етуге болмайды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Арнаулы прокурорлар А.Жұмагелдиевке қатысты тергеуді аяқтады. Ол танысу сатысында. Дегенмен қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жария етуге жатпайды. Сондықтан қазіргі уақытта аталған сотқа дейінгі өндіріске қатысты толыққанды ақпарат беру мүмкін емес», - делінген Бас прокуратура жауабында.

Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманның» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.

Ал 6 қаңтарда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты оны қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартты.