
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Жапонияда мамыр айына жоспарланған концертін өткізбейтін болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қымбатты достар, Жапонияда «Токио джаз» жобасы аясындағы 24 мамырға жоспарланған концертімнің өтпейтінін өкінішпен хабарлаймын. Жақын арада барлығы түзеліп, Жапонияда ғана емес, көптеген елдерде кездесеміз деп үміттенемін. Сіздерді шексіз жақсы көремін», - деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Бұған дейін әнші коронавирусқа байланысты «Arnau Tour» әлемдік турнесін кейінге қалдырған еді.
