27 ақп, 2026 сағат 15:15

Димаш Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа 37 миллиондық көлік сыйлады


Фото: ru.dimashnews.com, Instagram/olympickz


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа берген уәдесін орындап, су жаңа автокөлік тарту етті, деп хабарлайды Ult.kz.


Qumash парақшасында Милан мен Кортинада өткен қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазына арнайы әзірленген көліктің суреттері жарияланды. Қара түсті Hyundai Palisade ұлттық нақыштағы графикамен безендірілген. Көлік шанағында «Мишабай, жеңісің құтты болсын!» және «Қазақстан мақтанышы» деген жазулар бар.






Айта кетейік, бұл модельдің люкс жиынтықтағы орташа бағасы 37,3–37,8 миллион теңге аралығында.

Еске салсақ, 13 ақпанда ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша Михаил Шайдоров сенсациялық түрде Олимпиада чемпионы атанған еді. Ол өз бағдарламасында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнді пайдаланған. Сол күні әнші спортшыға видеоүндеу жолдап, темір тұлпар сыйлайтынын мәлімдеген болатын.