04 жел, 2025 сағат 12:27

Допинг дауы Жәнібектің мансабын күйретуі мүмкін — америкалық шолушы

Фото: Жәнібек Әлімханұлының инстаграм парақшасынан

АҚШ спорт шолушысы Буг Уильямс допинг дауының салдары қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы үшін өте ауыр болуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Ult.kz.

Жақында боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний табылып, Эрисланди Ларамен үш белбеу үшін жоспарланған жекпе-жек тоқтатылған еді. Егер “В” сынамасы да оң нәтиже көрсетсе, Жәнібек IBF және WBO титулдарынан айырылуы мүмкін.

Уильямс әлеуметтік желідегі жазбасында Top Rank компаниясының боксшыға сенімі азайғанын атап өтті. Оның айтуынша, егер Жәнібек белбеулерінен айырылса, бокс нарығында сұранысқа ие болу одан сайын қиындайды.

Сарапшының пікірінше, чемпиондық атақтардан айрылу қазақстандық спортшының мансабына үлкен соққы болмақ, себебі белбеулер боксшының беделіне тікелей әсер етеді.

"Бұл – Top Rank-тың Жәнібекке деген қазіргі көзқарасын дәл бейнелейді. Ол онсыз да нарықта аса сұранысқа ие емес еді. Оған қарсылас табу Top Rank үшін қиын болатын. Егер белбеулерінен айырылса, ол көпшілік үшін жай ғана "Қазақстаннан шыққан кездейсоқ боксшы" болып қалады", – деп жазды сарапшы.