08 ақп, 2020 сағат 08:55

Grand Slam жарысы: Қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары кімдер?

Парижде (Франция) дзюдодан рейтингілік Grand Slam жарысында ел намысын қорғайтын дзюдошыларымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, бүгін, яғни 8 ақпанда алауы тұтанған рейтингілік Grand Slam жарысында Қазақстан құрамасы да сынға түседі.

Назарларыңызға қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластарын ұсынайық.

Аталған жарыстың бірінші күнінде ерлер 60, 66, 73 келі, әйелдер 48, 52, 57 және 63 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды.

Ерлер: 60 кг Ғұсман Қырғызбаев - Ленин Прекиадо (Экуадор)/Диоп Моусса (Сенегал) жұбының жеңімпазы

Елдос Сметов – Мохаммад Рошнонежад (IJF)/Бернадин Цала Цала (Камерун) жұбының жеңімпазы

66 кг Елдос Жұмақанов – Страхинжа Бунчич (Сербия)

73 кг Бекәділ Шаймерденов – Мишел Бартуисик (Польша)

Жансай Смагулов – Виктор Стерпу (Молдова)

Әйелдер: Галбадрах Отгонцэцэг – Гулькадер Сентурк (Түркия)

Ақмарал Науатбек – Моника Унгуряну (Румыния)

52 кг Анна Казюлина – Пенелоп Бонна (Франция)

57 кг Севара Нишанбаева – Марика Персич (Сербия)

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған турнирде ел намысын кімдердің қорғайтыны туралы жазған болатынбыз.