01 қыр, 2020 сағат 14:58

ЭКО-ға квотаны арттыру арқылы отбасыларды сақтап қалуға болады – Жұлдыз Омарбекова

Жатырдан тыс ұрықтандыруға (ЭКО) квоталарды көбейту арқылы елдегі демографиялық өсімді жақсартып, отбасыларды сақтап қалуға болады. ҚР Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Омарбекова Президенттің бүгінгі Жолдауына қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутат Мемлекет басшысы көтерген отбасылық-демографиялық ахуалға тоқталды.

«Президенттің бүгінгі Жолдауы мазмұнды болды. Үлкен реформаларды қажет ететін көптеген бастамалар айтылды. Отбасылық мәселелер жөніндегі бұрынғы вице-министр ретінде жас отбасылар үшін қуандым. ЭКО бағдарламалары аясында квота саны көбейетін болды. Оның саны 7 мыңға дейін жетеді, яғни 7 есе көп. Бұл – балалы болуды армандайтын отбасыларға үлкен көмек», - деді депутат.

Сонымен қатар, ол Қ.Тоқаев барлық сала бойынша тиімді шешімдер ұсынғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы тиімді әрі құрылымдық шешімдер ұсынып отыр. Барлық міндеттер популизмнен нақты іс-әрекеттерге ауысады. Біз адамдардың өмірін жақсарту үшін алдымызға нақты міндеттер қоюдамыз. Қасым-Жомарт Тоқаев – халық үніне құлақ асатын білімді Президент. Президент бүгін қазақстандықтарды мазалайтын барлық негізгі проблемаларды атады. Алдағы уақытта Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары орындалады деген үлкен үміт бар», - деп қорытындылады Жұлдыз Омарбекова.