08 мау, 2020 сағат 11:00

Экономикадағы шағын және орта бизнес үлесі 35 пайызға жетеді - министр

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ел экономикасында шағын және орта бизнес үлесін арттыру бойынша жоспармен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылы ЖІӨ-да шағын және орта бизнес үлесі 30,8 пайыз болды. 2015 жылы бұл көрсеткіш 24,9 пайыз еді. Біздің мақсат – шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін 2025 жылы 35 пайызға жеткізу. Бизнеске тартылғандар саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде бұл салада 3,4 млн адам қызмет етуде», - деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында. 

Оның айтуынга, бәсекелестік үшін жағдай жасау бағытында министрлік жүйелі шаралар қолға алған. Осы орайда нарықта бизнес жұмысы үшін кедергілерді жою және мемлекеттік қатысу үлесін төмендету ескерілген. Бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін заңнамалық нормаларға ревизияның екінші кезеңі жүргізілді.