10 мам, 2017 сағат 08:30

ЭКСПО-2017: Сингапур үлкен идеялардың шағын қаласын көрсетеді (Видео)

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде Сингапур «Үлкен идеялардың шағын қаласы» («Small City, Big Ideas») атты ұлттық павильоны арқылы өз тәжірибесін таныстырады. Террариум үлгісінде жасалған павильонда тұрақты энергетика саласындағы әртүрлі идеялар мен инновациялар көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Павильонға кірген бойда қонақтар Сингапурдың тропикалық орманында  жүргендей  болады. Одан кейін мультимедиалық экрандар арқылы Сингапурдың энергия саласындағы тарихымен танысуға мүмкіндік бар. Аталған мемлекет шағын көлеміне қарамастан, көптеген инновациялық шешімдерді ойлап тапты.  Жоғарғы алаңқайға көтерілгенде осы шешімдермен қысқаша танысуға  болады. Соның ішінде күн энергиясын енгізуге арналған бастамалар, энергиялық тиімділікпен салынған ғимараттар және тағы басқа жобалар бар. Бұдан бөлек, таза технологиялардың негізінде істейтін компаниялардың жұмысы -  энергияны тарату және қолдануға қатысты тәжірибесі таныстырылады. Сингапурда ойластырылған және жүзеге асырылған шешімдер, жоғары технологиялық коммуникациялық құрылғылармен көрсетіледі. Ал жылыжай үлгісіндегі террариумге келушілер тілек жазып кете алады. Одан кейін созылатын атриумда кітап оқуға, демалуға және ойлануға жағдай жасалады.     


Сингапур павильонының сәулетшісі - танымал архитектор Рэнди Чэн мырза.  Павильонның жалпы аумағы - 385 шаршы метр. Павильон ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылуынан бір күн бұрын, 2017 жылы 8 маусымда ашылады. Ашылу салтанатында хореграфиялық ұжымдар өнер көрсетіп, алдын ала экскурсия өткізіледі. Содан соң ресми қабылдау ұйымдастырылады. Ал 25 шілдеде Сингапурдың ұлттық күні атап өтіледі.