28 там, 2020 сағат 14:07

Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы жұмысынан босатылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі шықты, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен:

Ардақ Әшімбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің басқарма бастығы Батырбек Бердібайұлы Байбосыновқа жүктелді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалған болатын.