19 қыр, 2022 сағат 10:37

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 22-орынға көтерілді


Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үш сатыға жоғарылап, 22-орынға жайғасты. 

Еліміздің үздік теннисшісі Словениядағы Порторож жарысының финалына дейін жетуі арқасында рейтингілік ұпай санын 1855-ке жеткізді. 

Рыбакина бүгін басталған Токио WTA 500 турнирінде сәтті өнер көрсетсе, рейтингісін жақсарта алады. Ол ертең әлемнің 30-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен алғашқы айналымда кортқа шығады. 

Әлемдік рейтингіде тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 36-дан 41-ге төмендеді. 

Жұптық сында Анна Данилина 20-орнында қалса, Рыбакина 102-ден 100-сатыға көтерілді.