20 нау, 2023 сағат 08:15

Елена Рыбакина Indian Wells туринирінің жеңімпазы атанды - видео

Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан-Уэллсте өткен ATP Masters 1000 санатындағы турнирдің жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Отандасымыз финалда беларусь спортшысы, әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенкодан айласын асырып, Australian Open-2023 ашық чемпионатының ақтық бәсекесінде кеткен есесін қайтарды.

Бұл кездесу бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (13:11). Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. 

Осылайша Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтерілді. Турнирге дейін Елена 10-орнында болған.

7-орын – 23 жастағы қазақстандық теннисшінің кәсіби мансабындағы жоғары нәтиже. Ол барлығы 3720 ұпайға ие.

WTA рейтингінің көшбасшысы – польшалық теннисші Ига Швёнтек (9975 ұпай). Одан кейінгі позицияда Арина Соболенко (6740 ұпай), Джессика Пегула (5605 ұпай), Каролин Гарсия (4990 ұпай), Онс Жабер (4976 ұпай) және Кори Гауфф (4401 ұпай) тұр.

Айта кетері, бұл титул - Рыбакинаның осы жылғы алғашқы жүлдесі.