25 қаз, 2025 сағат 11:51

Елена Рыбакина Токиодағы топ-турнирде қанша ақша тапты?


Фото: Robert Prange/Getty Images

Бүгін, 25 қазан күні, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалында чехиялық Линда Носковамен болатын матчтан бас тартты, деп жазады Ult.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Матч басталмай тұрып-ақ Рыбакинаның ойнамайтыны белгілі болды. Кейінірек спортшының өзі түсіндіргендей, оған себеп — беліндегі жарақат мәселесі.

Токио турниріне қатысқаны және жартылай финалға шыққаны үшін Елена 59 000 доллар (шамамен 32 миллион теңге) сыйақы алады. Ал финалға өткен спортшы 101 000 доллар (54 миллион теңгеден астам), ал турнир жеңімпазы 164 000 доллар (88 миллион 300 мың теңгеге жуық) табыс табады.

Айта кетсек, Токио турнирінің ширек финалында Елена Рыбакина канадалық Виктория Мбоконы жеңіп, WTA маусымдық финалына қатысуға мүмкіндік алған еді.