14 мам, 2022 сағат 14:29

Елеусіновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) маусым айында жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын қорғайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Отандасымыз 25 маусымда АҚШ жерінде украиналық Иван Голубпен (20-1, 15 КО) қолғап түйістіреді.

Triller Fight Club промоутерлік компаниясы ұйымдастырып жатқан бокс кешінде Елеусінов пен Голуб 12 раунд бойы қолғап түйістіреді.