25 сәу, 2024 сағат 11:45

Елге Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон келді. Ол ҚР билігімен не талқылады?


Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Дэвид Кэмеронға ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға сапары екіжақты қатынастарды дамытуға тың серпін беру тұрғысынан мәні зор екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Екіжақты кездесу барысында мынадай мәселелер талқыланды:

  • - Сыртқы істер министрімен Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды;
  • - Энергетика, білім, бизнес және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға және халықтар арасындағы байланыстарды өркендету ниеті айтылды;
  • - Әңгімелесу барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету, әсіресе, білім беру саласы мен жастарды қолдау ісіне ерекше назар аударылды;
  • - Тоқаев пен Кэмерон өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
"Бұл жан-жақты құжат біздің сан қырлы байланыстарымызды кеңейту үшін берік негіз қалайтынына сенімдімін", - деді Тоқаев.


Осыдан кейін Дэвид Кэмерон ҚР СІМ басшысы Мұрат Нұртілеумен кездесті.

Ол "бұл жан-жақты келісім Астана мен Лондон арасындағы саяси, сауда және инвестициялық қарым-қатынастарды жаңа көкжиектерге шығаруға елеулі көмек болмағын" атап өтті. 

Кездесу барысында сыртқы саясат пен қауіпсіздік, сауда мен инвестицияны ілгерілету, зияткерлік меншікті қорғау, энергетикалық және шикізаттық әріптестік, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, банктік және қаржылық қызметтер, жұмыспен қамтамасыз ету мен әлеуметтік саясат, ғылым және білім сияқты маңызды салалардағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы Стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы тарихи келісімге қол қойылды.