11 мам, 2020 сағат 14:16

Елімізде спорт жаттығуын өткізуге рұқсат беріледі

Қазақстанда спорттық жаттығулар мен мәдениет қызметкерлерінің дайындық жұмыстарына рұқсат беріледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Спорттық жаттығулар мен мәдениет қызметкерлерінің дайындық жұмыстарына рұқсат беріледі. Жұмыс істейтін ата-аналар үшін балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істейді. Онда барлық санитарлық талаптар сақталады», - деді Е. Тоғжанов Үкіметте өткен онлайн брифингте. 

Сонымен бірге, Е. Тоғжанов кез келген бұқаралық шараға тыйым салынатынын атап өтті.