07 сәу, 2020 сағат 18:25

Елорданы кезген «Капитан Карантиннің» кім екені анықталды

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті елорда тұрғындарына қоқыстарын лақтыруды ұсынып, қолдарын дезинфекциялап жүрген «Капитан Карантиннің» кім екенін анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әлеуметттік желілерге мониторинг жүргізу барысында өзін «Капитан Карантин» деп атаған азаматтың тұрғын үй кешендерінің тұрғындарын үйде қалуы керектігі жайлы үндеу тастап жүргенін анықтадық. Оның кім екені анықталды. Ол – қала тұрғыны. Онымен төтенше жағдай режимін бұзбау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен. 

Анықталғандай, елордалық азамат Instagram-да Кapitankarantin атауымен аккаунт та ашқан. Бірақ ол жақында ғана құрылған. Онда ол тұрғындарға үйден шықпау керектігін ескертеді.